24 Маусым, 2015

Дүниежүзілік сауда ұйымы біздің өнімдерімізді шетел  базарына бастап алып барады

441 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
сагындык сатубалдин– дейді академик, экономика ғылымдарының докторы Сағындық Сатыбалдин – Кеше ел Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев халқымызға бір тамаша жаңалықты сүйіншіледі. Осы жақсылық хабарды біз шынында да көптен бері күтіп едік. Мінеки, Қазақ елінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мәселесі шешілді. Мұның аса күрделі әрі келелі мәселе екендігі әуел бастан мәлім болған-ды. Бұл ұйымға әркімді ала бермейді. Оның өзінің қоятын талаптары, өрелі деңгейі, бүгінгі өркениетке сай өлшемі бар. Осылардың бәріне жауап беру үшін, тиісті үдеден табылу үшін Қазақстан бірнеше жылдан бері мақсатты түрде тыңғылықты дайындық жасады. Мұндай сенім біздің елі­мізге қалай көрсетілді десек, Қазақстанның соңғы уақыт­тардағы өсіп-өркендеу жолында көптеген көкейкесті мәселелер шешілгенін білеміз. Солардың ішіндегі бастыларының бірі – Қазақстан 2-3 жыл бұрын әлем­дегі озық дамыған 50 елдің қата­рына кірді. Бұл меже 2030 Стра­тегиясында көзделгендегіден ертерек алынды. Ал енді бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстарға келер болсақ, «2050» Стратегия­сы бағдарламасында еліміздің жа­­­ңа­ша жаңғырып өркендеуі, әлем­­­дегі алатын орны туралы сер­­пін­ді міндеттер қойылған еді. Демек, осы жұмыстардың бәрі елі­міз­­ді ДСҰ талаптарына лайық­ты дең­­гейге көтере түскендігі сөзсіз. Одан соң жақындағы пре­зиденттік сайлау өткеннен кейін ел алдына келелі-келелі 5 үлкен міндет тартылды. Осындай ұмты­лысты, құлшынысты әлем жұртшылығы сын көзімен бақылап көріп отыр. Кімнің кім екенін олар да таразылайды. Экономикамыздың өркендегенін тамыршыдай тап басып танитын әлемдік сарапшылар жетерлік. 2013 жылғы жаһандық қаржы дағдарысынан 5 ел ғана қырын сындырмастан шыға алды. Олар – Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Корея және Қазақстан. Осы жай еліміздің қауқар-қары­мының қандайлығын айқын көрсетіп тұрған жоқ па. Басқа елдер қиындықтан енді-енді шыға бастады. Тіпті, әлемге әйгілі алып мемлекет Америка Құрама Штаттарының өзі дағ­дарыс құрығынан биыл ғана құтылды. Осының бәрін алып қараған кезде Қазақстан эконо­микасының өсу қарқыны, сол орайда жаңа техника мен технологияны қолдану үрдісі, шетелден тартылып жатқан инвестиция, солардың ұтымды пайдаланылуы – осының қай-қайсысы болсын еліміздің абырой-беделін көтеруге қызмет жасады. Бұлар өз кезегінде Елбасымыздың әлемдік институттарға қол созған көрегендігін білдіреді. Осынау халықаралық аса үлкен де беделді ұйымға кіруі­міз бізге не береді деп сауал қоюымыз заңды. Бұл сауда ұйы­мы біздің өнім шығаратын кәсіпорындарымызды шетелдің базарына бастап алып барады. Әрбір отандық кәсіпорнымыз басқа мемлекеттермен жеке-жеке шарт жасасып, сауда-саттыққа жол ашып, өнімдері мен тауарларын сату мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін шығарған өнімнің жоғары сапада, халықаралық стандарттарға сай болу керек. Бұған жаңа техника, жоғары технология, тыңғылықты іскерлік пен терең білім ғана септігін тигізе алмақ. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз тек сауда-саттық қана емес. Бұл – халықаралық ынты­мақтастық. Осыны дұрыс ұққанымыз мақұл. Бұл бізді әлем жұртшылығының мойындауы әрі қолдауы деп білуіміз керек. Әлем бізді таныды, біз құрып жатқан қоғамның болмысын түсінді. Қазақстанға сеніп отыр. Әйтпесе өз қатарларына алмас еді. Қазақстан ДСҰ-ға кіруге лайықты болды. Сондықтан, сол сенімге кіршік шалдырмас үшін бәсекеге қабілеттілігімізді, шығарып жатқан өнімдеріміздің сапасын еселеп арттырғанымыз жөн. Солай еткенде ғана халқымыздың өмір сүру деңгейі жоғарылай бермек. Қазақстанның осындай тағы бір әлемдік асқар биікті алып, Дү­­ние­жүзілік сауда ұйы­мына кір­геніне өз басым өте қуаныш­тымын. Барша елімізді құттық­таймын. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевқа Отанымызды тағы бір ерен биікке көтерген, тағы бір асуды алған елеулі еңбегі үшін мың да бір рахмет айтқым келеді. Жазып алған Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.